Алматыда екі рет жер сілкінісі тіркелді

Фотография - Алматыда екі рет жер сілкінісі тіркелді

Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша таңғы қарай 04 сағат 52 минут 57 секундта және 05 сағат 12 минут 01 секундта жер сілкіністері тіркелді.

480 0

Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша таңғы қарай 04 сағат 52 минут 57 секундта (Гринвич уақыты бойынша 2014 жылдың 18 қыркүйегі түні 22 сағат 52 минут 57 секундта) және 05 сағат 12 минут 01 секундта (Гринвич уақыты бойынша 2014 жылдың 18 қыркүйегі түні 23 сағат 12 минут 01 секундта) жер сілкіністері тіркелді.

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратты.

Жер асты дүмпулерінің екеуі де Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 226 және 376 шақырым жерде 10 және 5 шақырым жер астынан тарады.

Зілзаланың энергетикалық класы бірінші жағдайда 9.0, екінші жағдайда 8.8 болды.

Ал Жер сілкінісінен бөлінетін сейсмикалық толқындардың магнитудасы сәйкесінше MPV - 3.8 және 4.0.

Әзірге жер сілкіністерінің сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?