527

"Павлодар орыстары" видеосы тексеріліп жатыр

Фотография - "Павлодар орыстары" видеосы тексеріліп жатыр

Қазанның 26-сы күні YouTube желісінде «Русские Павлодара (Павлограда) воссоединяйтесь» атты екі минуттық видеоролик жарияланып, әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді.

Қарашаның 6-сы күні Павлодар облыстық прокуратурасы Азаттыққа "бұл роликті тексере бастағанын" хабарлады.

"Павлодар облыстық прокуратурасы бұл роликке қатысты тексеру тағайындады" деп хабарлады прокуратураның баспасөз хатшысы Айымгүл Ермулатова.

Наразылық туғызған роликті әлеуметтік желі қолданушыларының көбі «бұл видео ұлттар арасына от салу, арандату мақсатында жасалған» деп бағалаған еді. Роликте «Русские, вперед», «Павлодар – русский город» деген сөздер бар. Бейнероликтің шекесіне Ресей туы мен свастика белгісі қойылған.

Загрузка...