534

ОҚО-да құтқарушылар жоғалған баланы бес сағат бойы іздеді

ОҚО-да құтқарушылар жоғалған баланы 5 сағат бойы іздеді. Түлкібас ауданының Күмісбастау ауылында тұратын 12 жастағы бала үйінен 27 желтоқсан күні таңертең шығып кеткен.
Фотография - ОҚО-да құтқарушылар жоғалған баланы бес сағат бойы іздеді

ОҚО-да құтқарушылар жоғалған баланы 5 сағат бойы іздеді.

Түлкібас ауданының Күмісбастау ауылында тұратын 12 жастағы бала үйінен 27 желтоқсан күні таңертең шығып кеткен. 12 сағаттан соң балалары үйге келмеген соң, ата-анасы оны күтпей, іздеу салған, деп хабарлады құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин.

«Баланы іздеуге шамамен 60 адам, психолог, іздеуші итімен кинолог та шықты. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері бірнеше іздеу топтарына бөлініп,  баланың ата-анасының болжамымен ол баруы мүмкін деген Иерсу тауы маңындағы аумақты қарауға кетті», - деді ол.

Баланы бес сағат өткен соң тапты. Белгілі болғандай, ол жетуге жолы қиын 50 шақырымнан астам жерді жаяу жүріп өткен. Сонымен бірге, мұнда қорық  зонасы бар, және абырой болғанда, оған жыртқыштар кездеспеген. 

ҚазАқпарат

Загрузка...