БҚО-да киік атқаны үшін 7 инспектор қызметінен айырылды

Фотография - БҚО-да киік атқаны үшін 7 инспектор қызметінен айырылды

452 0

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы жануарлар әлемін қорғау туралы заңнаманың қолданылуын тексеру барысында далалы аймақта киік ату фактілерін анықтады.

Қадағалаушы органнан мәлімдегендей, Ащысай өзені мен Алтайсай саздақты жеріне шығу барысында шамамен 26-30 қазан күндері 12 калибрлі тегіс оқпанды мылтықтан атылған 15киіктің өлексесі табылды. Табылған аталық киіктердің мүйіздері болмаған, соған қарағанда оларды кесіп алғанға ұқсайды.

Осылайша «Охотзоопром» РМКК қызметкерлерінің өз міндеттерін дұрыс орындамауы салдарынан мемлекетке 7 млн теңгеден астам шығын келіп отыр.

Заңсыз аң аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Аудан прокурорының заң бұзушылықты жою туралы ұсынысы бойынша «Охотзоопром» РМКК-ның 7 инспекторы қызметінен босатылды», - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

 

BNews.kz сайтынан


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?