Шекарадан 5 жылқыны заңсыз өткізбек болған азамат ұсталды

Фотография - Шекарадан 5 жылқыны заңсыз өткізбек болған азамат ұсталды

Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасының Тараз шекара отрядына қарасты «Жасөркен» заставасының шекарашылары заставадан 8 шақырым қашықтықта Қырғыз Республикасынан біздің елімізге заңсыз түрде 5 бас жылқыны өткізбек болған белгісіз адамның жолын кесті

533 0

Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасының Тараз шекара отрядына қарасты «Жасөркен» заставасының шекарашылары заставадан 8 шақырым қашықтықта Қырғыз Республикасынан біздің елімізге заңсыз түрде 5 бас жылқыны өткізбек болған белгісіз адамның жолын кесті деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. 

Белгісіз адам шекара нарядының жақындап келе жатқандығын байқаған бетте көршілес елдің аумағына қарай қашып барып, жасырынды.

Оқиға болған орынды қарағанда шекара бойындағы тікенек сымдардың қиылғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілді. 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?