427

Қызылорда облысында тұманда жоғалған екі адам табылды

Өткен түнде Қызылорда облысы Сырдария ауданы Амангелді елді мекенінде тұманда адасып кеткен екі адамды іздестіру жұмысы жүргізілді.
Фотография - Қызылорда облысында тұманда жоғалған екі адам табылды

Өткен түнде Қызылорда облысы Сырдария ауданы  Амангелді елді мекенінде тұманда адасып кеткен екі адамды іздестіру жұмысы жүргізілді.

Нәтижесінде «ОӨАЖҚЖ» ММ-нің  құтқарушылары ( құрамында 3 адам мен  1 техникасы бар) Амангелді елді мекенінен қашықтығы 20 км  шамасындағы lkжерден адасқан 2  адамды тауып алды. Олар жұмыссыз Қызылорда қаласының тұрғындары:  Ж.Қибасов -1985 жылы туылған, Р. Абаев - 1974 жылы туылған.

Адасқан екеу Қараой каналына балық аулауға шығып кеткен болатын. Қайтар кезінде тұман түсіп кетіп, адасып қалған. Денсаулықтары жақсы, зардап шекпеген.  Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Загрузка...