457

Ақтауда дәмхана отқа оранды

Ақтауда алапат өрт болды. Өткен түні қаланың қақ ортасындағы «Глобус» сауда кешенінде орналасқан «Ветерок» дәмханасы отқа оранды.
Фотография - Ақтауда дәмхана отқа оранды

Ақтауда алапат өрт болды. Өткен түні қаланың қақ ортасындағы «Глобус» сауда кешенінде орналасқан «Ветерок» дәмханасы отқа оранды.

Жергілікті «Лада» газетінің мәліметінше, бастан-аяқ лаулап жанған дәмханада оттың қызуынан газ баллоны жарылған көрінеді. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Зардап шеккендер мен жазым болғандар жайлы да мәлімет жоқ. Тұтастай жалын шарпыған дәмханаға өрт сөндіретін 8 техника шұғыл жеткізіліп, тілсіз жау әрең ауыздықталған, деп хабарлайды 24.kz.

 

Загрузка...