441

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша күндіз 13 сағат 8 минут 37 секундта жер сілкінісі тіркелді.
Фотография - Алматыда жер сілкінісі тіркелді

 Бүгін Алматыда жергілікті уақыт бойынша күндіз 13 сағат 8 минут 37 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратты.

Жер асты дүмпуі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 313 шақырым жерде, Қытай аумағында, 5 шақырым тереңдіктен тарады.

Зілзаланың энергетикалық класы - 9.9.

Жер сілкінісінен бөлінетін сейсмикалық толқындардың магнитудасы MPV - 4.7. 

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.

ҚазАқпарат 

Загрузка...