542

Текеліде Қытай тұрғынын өлтірген ер адам ұсталды

Фотография - Текеліде Қытай тұрғынын өлтірген ер адам ұсталды

Текеліде ҚХР тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 4 қаңтарында Текелі қаласындағы пәтерлердің бірінен зорлықпен өлтіру белгілері бар 27 жастағы Қытай азаматының мәйіті табылды.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша, жәбірленуші пышақ жарақатынан көз жұмған.

Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары шетелдіктің елімізге өткен жылдың қараша айында келіп, Алматыдағы Жетісу ауданында уақытша тіркеуге тұрғанын анықтады.

Жәбірленушінің таныстарын тексеру кезінде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Алматының 30 жастағы тұрғынын құрықтады.

Ұсталған ер адам жәбірленушіні ішімдік ішіп отырған кезде туындаған жанжал барысында өлтіргенін мойындады.

Ал оқиға орнынан тәркіленген пышақ заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылды.

Қазір күдікті уақытша қамау абақтысында жатыр.

 

 

 BNews.kz cайтынан

Загрузка...