Несиесін төлей алмаған әйел сірке суын ішіп уланды

Фотография - Несиесін төлей алмаған әйел сірке суын ішіп уланды

Өткен сенбіде Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының 34 жастағы тұрғыны банктен алған несиесін төлей алмай, өзіне қол жұмсамақ болды. Түннің бір уағында бір бөтелке сірке суын ішіп қойған әйел аудандық ауруханаға жеткізілді.

635 0

Өткен сенбіде Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының 34 жастағы тұрғыны банктен алған несиесін төлей алмай, өзіне қол жұмсамақ болды. Түннің бір уағында бір бөтелке сірке суын ішіп қойған әйел аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BNews.kz.

  ШҚО тұрғыны жұбайы мен балалары ұйықтап жатқанда өзіне қол салмақ болады.

«Оқиға 3 қаңтар күні түнде болған. Банктен алған борышын қалай өтеймін деп уайымдаған әйел түні бойы көз ілмей, ас үйге барып, бір бөтелке сірке суын ішіп қойған. Сәлден соң өзін жайсыз сезініп, күйеуін оятып, жедел жәрдем шақыруын сұрапты», - дейді Шемонаиха ауданы АІІБ-дан.

Дәл сол түні сірке суына уланған әйел аудандық ауруханаға жеткізілді, қазір оның жағдайы ауыр. Дәрігерлер әйелдің ауруханада қанша күн жататыны белгісіз деп отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?