Жамбыл облысында 12 жүк вагоны рельстен шығып кетті

Фотография - Жамбыл облысында 12 жүк вагоны рельстен шығып кетті

364 0

Кеше түнгі 23:45-те Жамбыл – Түлкібас стансалары арасындағы Маймақ – Күркіреусу өткелінің 3469 шақырымында №2007 жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті.

Оқиғаның салдарын анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» АҚ арнайы комиссия құрды. Алдын-ала жеткен деректерге сүйенсек, вагондар жолдың қисық бөлігінде бұрылып үлгермей, аударылып қалған. Алғаш жолдан шыққан вагонның нөмірі 44676914.

Вагонның иесі Ресейдің «Федералды жүк компаниясы» АҚ мекемесі көрінеді. Келтірілген шығын жүк вагонының иесіне толығымен қайтарылады.

«Оқиғаның салдарын жою үшін Жамбыл мен Шымкент жол бөлімдерінің мамандары айналысты. Апаттың салдарынан 16 жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылған. Қазір бұл пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді, кестеден кешіккен пойыздар жолға қайта шықты. ҚР Теміржол көлігі туралы заңына сәйкес барлық жолаушыларға өтемақы төленеді», - дейді «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мамандары.

 

 

 BNews.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?