Журналистер Парижде қаза тапқан әріптестерін еске алды

Фотография - Журналистер Парижде қаза тапқан әріптестерін еске алды

Астана мен Алматыда бүгін журналистер Париждегі сатиралық Charlie Hebdo журналына жасалған шабуылдан қаза тапқан әріптестерін еске алу акциясын өткізді.

562 0

Астана мен Алматыда бүгін журналистер Париждегі сатиралық Charlie Hebdo журналына жасалған шабуылдан қаза тапқан әріптестерін еске алу акциясын өткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Астанада түрлі ақпарат құралдарының оннан астам журналисі Франция консулдығына барған. Журналистер француз елшілігі өкіліне көңіл айту хатын тапсырып, ғимарат алдына гүл шоқтарын қойған.

Алматыда жиырма шақты журналист Франция елшілігіне гүл шоқтарын қойып, Парижде қаза тапқан әріптестерін еске алып шам жаққан. Бүгін Францияда шабуылдан қаза тапқандарды аза тұту күні болғандықтан, елшілік пен консулдықтағы тулар төмен түсірілген.

Қаңтардың 7-сі күні Парижде Мұхаммед пайғамбардың карикатура суретін жариялаған журнал редакциясына қарулы үш адам шабуыл жасап, 12 адам қаза тапқан. 12 адам жараланған. Қаза тапқандар қатарында журналдың шеф редакторы Стефан Шарбонье және карикатурашылар Жан Кабу, Жорж Волынски және Бернар Верлак және екі полицей бар.

Франция билігі оқиғаны теракт деп бағалады. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр.

 

azattyq.org



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?