757

Шымкентте 7 жасар бала тапаншамен ойнап жүріп інісін атып жіберген

Фотография - Шымкентте 7 жасар бала тапаншамен ойнап жүріп  інісін атып жіберген

Шымкентте 7 жасар бала өзінің 5 жастағы інісін тапаншамен байқамай атып алды. Оқиға 7 қаңтар күні Коммунизм бөлімшесінде орын алған. Тапаншаны балалардың әкесі төсегінің астына қоя салып, бүлдіршіндерді қараусыз қалдырып кеткен. 

Қали Бейсенбаев, Абай ауданы прокурорының көмекшісі:

- Тексеру кезінде анықталғаны, М. есімді азаматтың өзінің айтуынша, 2014 жылдың желтоқсан айында «Оса» тапаншасын көшеден тауып алып, жатын бөлмесіндегі төсеніштің астына қоя салған. Қараусыз қалған балалар қаруды тауып алып ойнайды. Сол кезде абайсызда 7 жасар бала 5 жасар інісінің бетінен атып жіберген.

Қазіргі таңда бетінен жарақат алған бала Нұрсәттегі балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның халі ауыр және тұрақты дейді.

Ал, Абай полиция бөлімінде қаруды сақтаған салақ әкенің үстінен іс қозғау қаралып жатыр. Жалпы, Абай ауданының прокурорлары өткен жылы қаруды сақтаудың ережесін өрескел бұзудың 100-ден астам фактісін әшкерелеріпті. Осы орайда құзырлы орган өкілдері тұрғындардан қару-жарақпен аса сақ болуды сұрайды. 

 

 

otyrar.kz

Загрузка...