Асыл тұқымды жылқыларды ұрлаған оңтүстікқазақстандық әйел қолға түсті

Фотография - Асыл тұқымды жылқыларды ұрлаған оңтүстікқазақстандық әйел қолға түсті

Алматы облысында бір табын асыл тұқымды жылқыны ұрлады деген күдікпен әйел азамат қолға түсті.

538 0

Алматы облысында бір табын асыл тұқымды жылқыны ұрлады деген күдікпен әйел азамат қолға түсті. 

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, барымташылық фактісі Балқаш ауданында тіркелген. Жергілікті полиция бөліміне шаруа қожалығының иесі арыз жазып, жылқыларын белгісіз біреудің ұрлап кеткендігін айтыпты.

Шағымданушы өз арызында ұрлыққа осы қожалықта жұмыс істеген оңтүстікқазақстандық әйел кінәлі болуы мүмкін деп көрсеткен. Өйткені, жуырда ғана жұмысын салғырттықпен атқарған оны қожалық иесі жұмыстан шығарып жіберіпті. Келтірілген жалпы шығын сомасы 4,5 миллион теңге дейді ол.

Іздеу жұмыстары барысында тәртіп сақшылары 1969 жылы туған басты күдікті әйелді қолға түсірді. Тергеу барысында ол қылмысты жасағанын мойындады. Айтуынша, жылқыларды ол айдалаға айдап әкеткен. Дегенмен, жарты жолда жануарлар жан-жаққа қашып, күдікті табынға ие бола алмай қалыпты.

Қазіргі таңда асыл тұқымды жылқылардың жартысы табылып, қалғаны іздестірілу үстінде. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?