Астанада бойжеткенді атып жарақаттаған оңтүстікқазақстандық ұсталды

Фотография - Астанада бойжеткенді атып жарақаттаған оңтүстікқазақстандық ұсталды

Елордалық полиция қызметкерлері травматикалық тапаншамен оқ атып, бойжеткенді жарақаттаған Оңтүстік Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады, деп хабарлады Астана ІІД-нің баспасөз қызметінен.

356 0

Елордалық полиция қызметкерлері травматикалық тапаншамен оқ атып, бойжеткенді жарақаттаған Оңтүстік Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады, деп хабарлады Астана ІІД-нің баспасөз қызметінен. 

«Астана қалалық ІІД-нің Жедел басқару орталығына бойжеткен хабарласып, көшеде оған таныс емес жас ер азаматтың тапаншамен аяғына оқ атып, қашып кеткенін хабарлады. Жәбірленуші ауруханаға барған, онда бойжеткенге «оң жақ санының үстін зақымдаған жарақат» диагнозы қойылған. Сондай-ақ ол өзін атқан адамның маршруттық автобусқа отырып кеткенін көргенін айтты», делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, автобустың ішінде ер адам өзін сабырсыз ұстанып, себепсіз балағат сөздер айтқан, содан кейін аялдамалардың бірінде шығып кеткен. Жолаушылардың бірі бұзақыдан тапаншаны көргенде, бірден полицияға хабарлап, күдіктінің белгілері мен болуы мүмкін жерін сипаттаған. 

Ұсталған азамат «Алматы» аудандық ІІБ-іне жеткізілді. Ол мойындау түсініктерін беріп, Оңтүстік Қазақстан облысынан келгенін, Астанада уақытша жүргенін түсіндірді. Таңертең досымен бірге спирттік ішімдіктерді ішкен. Досы ұйықтап қалғанда, ол оның пневматикалық тапаншасын алып, далаға шығып кеткен. 

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлімімен («Қаруды қолданумен жасалған бұзақылық») қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат Астана қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?