358

Оралдық шекарашылар кокаин өткізбек болған жолаушыны ұстады

«Батыс» өңірлік басқармасы Орал шекара жасағы «Сырым» бақылау-өткізу бекетінің (автокөлік) шекара наряды Ресейден есірткі заты – кокаинды өткізбек болған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.
Фотография - Оралдық шекарашылар кокаин өткізбек болған жолаушыны ұстады

«Батыс» өңірлік басқармасы Орал шекара жасағы «Сырым» бақылау-өткізу бекетінің (автокөлік) шекара наряды Ресейден есірткі заты – кокаинды өткізбек болған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 35 жастағы отандасымыз «Самара-Орал» бағытындағы рейстік автобуспен Қазақстанға Ресей Федерациясынан келе жатқан.

Тексеру барысында жалпы салмағы шамамен 30 грамды құрайтын кокаинға толы екі полиэтилен пакет табылды.

Қазіргі таңда бұл оқиға жайында құқық қорғау органдарына хабарландырылды.

 

 

 BNews.kz сайтынан

Загрузка...