ОҚО-да сотталушының ата-анасын бопсалаған инспектор сотталды

Фотография - ОҚО-да сотталушының ата-анасын бопсалаған инспектор сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындық қылмыстық түзеу инспекциясының қызметкері алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

311 0

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындық қылмыстық түзеу инспекциясының қызметкері алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. 

"Түлкібас аудандық қылмыстық түзеу инспекциясының инспекторы мемлекеттік лауазымдағы тұлға бола тұра, өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, алдау арқылы өзгелердің сеніміне кіріп, сотталушы азаматтың ата-анасынан істі оң шешіп беремін деген желеумен 60 мың теңге бопсалаған. Ол 2014 жылдың 25 тамыз күні Т.Рысқұлов ауылындағы "Дос би" дәмханасында шағымданушы тараптан 18 мың теңгені алып, тағы 42 мың теңге талап еткен. Сол соманың 30 мың теңгесін алу кезінде инспектор ОҚО ІІД қызметкерлерімен қолға түсті" делінген аталған хабарламада.

Түлкібас аудандық сотының үкімімен айыпты азамат 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылып, оған тиесілі мүлік тәркіленіп алынатын болды. 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?