707

20 күн бойы құлдықта ұсталып келген 15 жасар алматылық қыз босатылды

20 күн бойы құлдықта ұсталып келген 15 жасар алматылық қыз босатылды. Кәмелетке толмаған қыз бала 20 күн бойы мәжбүрлі түрде жыныстық қызмет көрсетіп келген. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.
Фотография - 20 күн бойы құлдықта ұсталып келген 15 жасар алматылық қыз босатылды

20 күн бойы құлдықта ұсталып келген 15 жасар алматылық қыз босатылды. Кәмелетке толмаған қыз бала 20 күн бойы мәжбүрлі түрде жыныстық қызмет көрсетіп келген. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек хабарлады.

Алматы облысының тұрғыны 9 сыныпты бітірген соң қалаға жұмыс іздеп келген. Оң-солын танымаған жас баланы танысы алдап, "жеңгетайдың" уысына түсіріп берген. Алданған қыз Пушкин көшесінің бойында орналасқан жезөкшелер ордасының бірінде 1 айға жуық уақыт қамауда ұсталған.

Түскен ақпаратты тексеруге шыққан полиция бірнеше қыздың басын қосып отырған осындай жерлерді әшкереледі. "Жынойнақты" басқарып отырған "жеңгетай" 30 жастағы Жамбыл облысының тумасы екені анықталды.

Баспасөз хатшысының айтуынша, "жеңгетай" кәмелетке толмаған жас қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

 ҚазАқпарат 

Загрузка...