422

ОҚО полицейлері көлік ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топтың жолын кесті

Оңтүстікқазақстандық криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкентте шетелдік көліктерді соңғы екі ай көлемінде ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.
Фотография - ОҚО полицейлері көлік ұрлығымен айналысып келген қылмыстық топтың жолын кесті

Оңтүстікқазақстандық криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкентте шетелдік көліктерді соңғы екі ай көлемінде ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. 

Өткен жылдың желтоқсан айында тәртіп сақшыларына Шымкент қаласының 26 жастағы жергілікті тұрғыны арызданып, аулада тұрған «Ауди-80» маркалы көлігін түнгі уақытта белгісіз біреулердің ұрлап кеткені туралы мәлімдеді. Қорықшы болып жұмыс істейін жәбірленушінің айтуы бойынша, автокөліктің ішінде қызметтік қаруы - «Байкал» маркалы тапанша және тапаншаның қабы 8 оғымен, ақша және басқа да бағалы заттары болған.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 175-бабы «Ұрлық» және 255-бап «Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел іздестіру іс-шарасы кезінде Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері, Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлерімен біріге отырып, 1978, 1993 және 1994 жылы туылған Шымкент қаласының үш тұрғынын күдікті ретінде құрықтады. Ұсталған күдіктілердің ішіндегі 21 жастағы азаматтан ұрланған «Байкал» маркалы тапанша оғымен табылған. Күдікті бұл қаруды сатпақ болыпты.

Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтардың 4 автокөлік ұрлау жайтына қатысы барын анықтап отыр. Оның ішінде үш қылмыс өткен жылы желтоқсан айында жасалған.

Жас жігіттер алдымен аулада немесе автотұрақта қараусыз тұрған өздеріне қажет автокөліктерді таңдап, дабылы бар-жоғын алдын-ала тексеріп, содан соң кілт арқылы ашып айдап кетіп жүрген.

Олар 26 желтоқсанда 24 мың АҚШ долларынан астам қаржыға бағаланатын «Лексус» маркалы автокөлігін Забадам ауданында мешіттің жанында тұрған жерінен ұрлап кеткен. Дегенмен, ұрлықы мүлікті олар сатып үлгерген жоқ. Тәртіп сақшылары күдіктілерден айғақ зат ретінде сол «Лексус» және «Ауди-80» маркалы автокөліктерді және «Байкал» тапаншасын тәркілеп алды.

Загрузка...