407

Ақмола облысында кейуананы ит талап өлтірді

Ақмола облысында 78 жастағы кейуананы ит талап өлтірді.
Фотография - Ақмола облысында кейуананы ит талап өлтірді

Ақмола облысында 78 жастағы  кейуананы ит талап өлтірді.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

Полицейлердің мәліметі бойынша келеңсіз жағдай 3 қаңтар күні Еңбекшілдер ауданының Степняк қаласында орын алған. Көршісінің үйіне барған 1936 жылғы қарияны көршісінің алабай иті тарпа бас салған. Бас және мойын тұсын шайнап тастаған әйел ауыр халде аудандық кейін, облыстық аурухана жеткізілгенімен дәрігерлер қарияның өміріне араша түсе алмады. Алған дене жарақатынан араға он күн салып көз жұмды.

Қазіргі кезде ит өлтіріліп, иесінің үстінен ҚР ӘҚбК 408-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

 

ҚазАқпарат

Загрузка...