Көкшетауде жеңіл көліктердің мемлекеттік нөмірілерін ұрлап келген екі жігіт құрықталды

Фотография - Көкшетауде жеңіл көліктердің мемлекеттік нөмірілерін ұрлап келген екі жігіт құрықталды

Көкшетауда жеңіл көліктердің мемлекеттік нөмірілерін ұрлаумен айналысып келген ерекше ұрылар қолға түсті.

427 0

Көкшетауда жеңіл көліктердің мемлекеттік нөмірілерін ұрлаумен айналысып келген ерекше ұрылар қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

Полицейлердің мәліметі бойынша 19-20 жас аралығындағы екі жігіт жеңіл көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлаумен айналысқан. Олар алдымен көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ағытып алып, көлік иелеріне байланыс ақпаратын қалдырып отырған. Онда көлік иелеріне "Qiwi-кошелекке"  ақша аудару арқылы көліктерінің нөмірлерін қайта сатып алуды ұсынған.

Осылайша, үш көлік иесі "Qiwi-кошелекке" 20 мың теңге ақша аударып барып, құқық қорғау органдарына арыз жазған. Кейін аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы бойынша (ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, 1994-1995 жылғы екі көкшетаулық қолға түсті. Олардың 2014 жылдың 6 қаңтарынан бастап, осындай 20 қылмыс жасағаны анықталды.

 

ҚазАқпарат

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?