Шымкентте жас жігіт пен бойжеткенге оқ атқандар ұсталды

Фотография - Шымкентте жас жігіт пен бойжеткенге оқ атқандар ұсталды

Шымкентте жас жігіт пен бойжеткенге оқ атқан үш адам ұсталды, деп хабарлады сейсенбіде Оңтүстікм Қазақстан облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

732 0

Шымкентте жас жігіт пен бойжеткенге оқ атқан үш адам ұсталды, деп хабарлады сейсенбіде Оңтүстікм Қазақстан облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

"Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің қызметкерлері 2015 жылдың қаңтар айының 13-нен 14-не қараған түні Шымкент қаласы Б.Момышұлы көшесінде орын алған адам өлтіруге оқталу жайтын ізін суытпай ашты", - делінген хаббарламада.

Тәртіп сақшыларының анықтауы бойынша, Шымкент қаласының тұрғыны 1993 жылы туылған жәбірленуші жарақатты «Ниссан» автокөлігіндегі белгісіз тұлғалардың шабуылы нәтижесінде алғанын анықтады. Оқиға орнынан полиция қызметкерлері шолақ мылтық пен травматикалық тапаншанынң оқ гилзаларын алған.

Полиция қызметкерлері.Момышұлы көшесінде орнатылған бейнебақылау камерасын қарап, сағат 21:00 шамасында жәбірленушінің басқаруындағы «Тайота Камри» автокөлігінің ішінде өзінен басқа 1993 және 1994 жылы туылған екі жолаушымен кетіп бара жатқанында, «Ниссан» автокөлігі олардың жолын кесіп өткен. Аталған автокөліктегі белгісіз азаматтар анықталмаған қарудан «Тайота Камри» автокөлігінің жүргізушісіне бірнеше рет оқ атқан. Жәбірленуші қашпақ болғанда, қаскүнемдер оның автокөлігін қуып жетіп, оған қарай тағы оқ атқан. Осы кезде көшеде кетіп бара жатқан кездейсоқ Шымкент қаласының тұрғыны 1993 жылы туылған қызға оқ тиген. Осыдан соң күдіктілер белгісіз бағытқа қашып, іздерін суытқан. Травматикалық қарудан қолынының тесіп өткен жарақатын алған қызға медициналық көмек көрсетілді.

Аталған қылмысты ашу мақсатында полиция қызметкерлері ұстау жоспарын қала бойынша жариялады. Шымкент ҚІІБ Абай ПБ КПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәулік ішінде қылмыстың ізін суытпай 1992,1994 және 1996 жылы туылған облыс орталығының тұрғындарын күдікті ретінде құрықтаған. Ұсталған күдіктілер өз істерін мойындаған. Күдіктілердің бірінің үйінің ауласынан полиция қызметкерлері 16 калибрлі екі шолақ аңшы мылтығын көміп қойған жерінен тауып тәркіледі.

Сонымен қатар айғақ зат ретінде «Ниссан» автокөлігі, газ травматикалық тапаншасы және басқа да айғақты дәлелді заттар тәркіленген.

Тергеу кезінде аталған қылмыстың себебі жас жігіттердің арасындағы бас араздық салдары болғаны анықталды.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК 24-99 бабы «Адам өлтіруге оқталу» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

newskaz.kz

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?