Жамбылда "Ан-2" апатынан бірнеше адам қаза тапты

Фотография - Жамбылда "Ан-2" апатынан бірнеше адам қаза тапты

Жамбыл облысында "Қазақмыс" компаниясына тиесілі "Ан-2" ұшағы апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

395 0

Жамбыл облысында "Қазақмыс" компаниясына тиесілі "Ан-2" ұшағы апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

"Ан-2" ұшағы Шу ауданының аумағында түскі сағат 15:00-де апатқа ұшыраған. Борттағы жеті адамның барлығы қаза тапқан. Оның үшеуі - экипаж мүшесі, қалғаны "Қазақмыс" компаниясының өкілдері болған. Апаттан бір адам жарақат алып, Жамбыл облысындағы ауруханалардың біріне жеткізілген.

"Қазақмыс" компаниясы дерегінше, бұл мекемеге тиесілі "Ан-2" ұшағы Балқаш қаласынан Шатыркөл кенішіне ұшып бара жатқанда апатқа ұрынған.

Төтенше жағдай қызметі мен құтқарушылар оқиға орнына аттанған. 

 

azattyq.org


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?