Алматыда такси жүргізушісін соққыға жығып, көлігін ұрламақшы болғандар ұсталды (ФОТО)

Фотография - Алматыда такси жүргізушісін соққыға жығып, көлігін ұрламақшы болғандар ұсталды (ФОТО)

Алматыда таксисті соққыға жығып, көлігін мініп кетпекші болған адамдар ұсталды.

636 0

Алматыда таксисті соққыға жығып, көлігін мініп кетпекші болған адамдар ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Тергеуалды тексеру материалдарына сәйкес, екі жігіт «Ауди» көлігін тоқтатып, «Шаңырақ» шағын ауданына жеткізіп салуын өтінген. Жолда олардың бірі жүрегі айнығанын айтып, көлікті тоқтатады.

Үлкен Алматы каналының маңына жеткенде түсіп кеткен жігіттердің бірі көліктің кілтіне жармасып, екіншісі жүргізушіні буындыра бастайды. Сондай-ақ, олар бос шөлмектің сынығымен жүргізушінің мойнына, бетіне жара салған. Ал жүргізуші шабуылдағандардың бірінің қолын отверткамен жаралайды. Бұл күресті аталған аймақты қадағалап жүрген «Буран-311» отрядының полицейлері байқап қалған екен. Тәртіп сақшыларын көрген олар қаша жөнелді», - деді қалалық ІІД әкімшілік полициясы жол-патруль полициясының полк командирі Айтжан Әлмұхамбетов.

Ұсталғандардың бірі 22 жасар алматылық, екіншісі 26 жасар Алматы облысы Ақсу ауданының тумасы болып шықты.  

Көліктің кілтін Алатау аудандық ІІБ қызметкерлері заттық айғақ ретінде тәркіледі. «Ауди» жүргізушісі жақын арадағы ауруханалардың біріне жеткізілді.  

1 

3 

4 

5 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?