Алматыда автокөліктің нөмірін ұрлады деген күдіктілерді ұсталды (фото)

Фотография - Алматыда автокөліктің нөмірін ұрлады деген күдіктілерді ұсталды (фото)

Алматы полициясы автокөліктердің нөмірлерін ұрлады деген күдіктілерді, яғни екі ер азаматты тұтқындады, деп хабарлайды Today.kz қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

383 0

Алматы полициясы автокөліктердің нөмірлерін ұрлады деген күдіктілерді, яғни екі ер азаматты тұтқындады, деп хабарлайды Today.kz қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

Біреудің мүлкін тонау қылмысына куә болған Алматы қаласының тұрғыны түнгі сағат үштер шамасында ішкі істер департаментінің жедел әрекет ету орталығына хабарласып, болған жайтты баяндап берген. Куәгердің айтуынша Райымбек даңғылымен Абылайхан көшелерінің қиылысында тұрақта тұрған «Тойота Королла» автокөлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп жатқан белгісіз екі адамды көрген.

«Буран-022» экипажы айтылған қиылысқа дер уақытында жеткен. «102»-ге хабарласқан куәгер, бұзақылардың жеке таксимен ұрлық болған жерден ізін суытқанын айтқан. Патрульдіктер сол аралықты сүзіп шығуды жөн көрген. Наурызбай батыр көшесімен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында керек автомибльді тоқтатқан. Автокөлік иесінің айтуынша ол екі адамды алып, айтылған жерге алып бара жатқан. Сол автокөліктің ішінен жоғарыда айтылған мемлекеттік нөмір де табылып соңынан Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген.

Бастапқыда қылмыскерлер өз кінәларын мойындамаған, соңынан куәгердің қатысуымен өткен іс-шарада мемлекеттік нөмірді ұрлаған сол қылмыскерлер екендігі расталған. Қазіргі кезде қылмыскерлердің басқада қылмыстарға қатысы бар немесе жоқтығы тексерілуде.

 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?