384

Алматылық өрт сөндірушілер жеке үйде тұратын отбасыны аман алып қалды (ФОТО)

23-ші қаңтар күні түнде Алматыда жекеменшік тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.
Фотография - Алматылық өрт сөндірушілер жеке үйде тұратын отбасыны аман алып қалды (ФОТО)

23-ші қаңтар күні түнде Алматыда жекеменшік тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

Оқиға Сыздықов көшесінде орналасқан үйде болған. Үй иелерінің айтуынша олар пештің шатырлаған даусынан оянған, ал үйдің іші түтіндеп кеткен. Өрттің шығу себебі де сол пештің дұрыс істемегендігінен болған.

Дер уақытында жеткен қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері тұрғындарды үйден қауіпсіз жерге көшірген. Оқыс оқиғаға жұмыла кіріскен өрт сөндіру мамандарының арқасында ешкім де зардап шеккен жоқ.

Загрузка...