418

Алматы облысында 14 млн. теңгені қалтасына басты деген күдікпен 44 жастағы азамат ұсталды

Полицейлер Талғар тұрғынының алаяқтықпен айналысқанын анықтаған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, қылмыстық тергеу материалдарында жапа шеккен төрт тұлғаның шағымы бар. Жалпы келтірілген залал көлемі 14 миллион теңгеге бағаланды.
Фотография - Алматы облысында 14 млн. теңгені қалтасына басты деген күдікпен 44 жастағы азамат ұсталды

Полицейлер Талғар тұрғынының алаяқтықпен айналысқанын анықтаған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, қылмыстық тергеу материалдарында жапа шеккен төрт тұлғаның шағымы бар. Жалпы келтірілген залал көлемі 14 миллион теңгеге бағаланды.

Істі терге Қарасай АІІБ тапсырылды.

44 жастағы Талғар тұрғыны 2013 жылы Жамбыл облысының тұрғынына жасалған қылмысқа күдікті ретінде ұсталған. Шағымданған бұл азамат полицейлер ұйымдастырған шарада сезіктіні танып, алаяқ айласымен 15 ірі қарасын қолды еткенін айтты.

Облыстық ІІД хабарлағандай, тергеу барысында Жамбыл облысының тағы 3 адамын жапа шеккені белгілі болды.  

Полиция 2014 жылы Қарасай ауданындағы базарлардың бірінде күдікті жапа шегушілердің 45 жылқысының етіне оларды алдау арқылы ие болған.  

Бүгінде аталған фактілер бойынша келтірілген шығын 14 миллион  теңгені құрады.

Қарасай АІІБ қызметкерлері ұсталғанның 2013-2015 жж. аралығында Алматы облысында тіркелген өзге де осыға ұқсас қылмыстарға қатысы бар не жоқ екенін тексеруде. 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...