Қазақстанда 2014 жылы жол апатынан қаза тапқандар саны 15%-ға төмендеді

Фотография - Қазақстанда 2014 жылы жол апатынан қаза тапқандар саны 15%-ға төмендеді

Қазақстанда 2014 жылы жол апатынан қаза тапқандар саны 15%-ға төмендеді, деп хабарлайды республиканың Бас прокуратурасы

697 0

Қазақстанда 2014 жылы жол апатынан қаза тапқандар саны 15%-ға төмендеді, деп хабарлайды республиканың Бас прокуратурасы.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, республика бойынша  2014 жылы 20 378  жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, онда  28 527 адам қаза болған және жарақат алған.

Бұл ретте,  ЖКО  салдарынан 2 585 қаза болғандардың 1 906-сы ер адам және 679-ы әйел адам, оның ішінде 232-сі кәмелетке толмағандар, ал 25 942 жарақат алғандардың – 14 011-і  ер адам және 11 931-і әйел адам, оның ішінде 4 632-сі кәмелетке толмағандар.

ЖКО-да ең көп қаза тапқандар саны Алматы – 468,  Оңтүстік  Қазақстан – 432,  Қарағанды – 210 және Жамбыл – 203 облыстарында  тіркелді.

Елді мекендерде – 16 334, халықаралық, республикалық маңызы бар жолдарда – 1 887, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда 1 048 жол-көлік оқиғалары жасалған.

Апат қаупі ең жоғары Алматы қаласының жолдары болып отыр, онда  адамдардың  опат болуы мен жарақат алуына себепкер болған 5 588 ЖКО орын алды, сондай-ақ Оңтүстік  Қазақстан – 3 370, Алматы – 1 834, Шығыс Қазақстан -  1 463  және Жамбыл облыстарында 1 293 осындай ЖКО болған.

Аталған жол оқиғаларына  29 219 көлік құралдарының қатысы болған,оның ішінде25 574-і жеңіл автокөліктер,  1 124-і автобустар, 1 042-сі жүк көліктері. Осы көліктердің жалпы санының 1 139-ы оң жақ рульді автомокөліктер.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі, яғни, 14 123-і құрғақ жол жабынында, 2 317-сі дымқыл жолдарда және 1 247-сі қарлы жолдар тарабында орын алған.

Статистика көрсетіп отырғандай, жол апаттарының себептері өзгеріссіз күйінде қалып отыр. Бұрынғысынша, ЖКО көбінесе Жол  қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен орын алуда. Мәселен, өткен жылы жүргізушілердің кінәсінен 18 923 жол апаты болған.

 

newskaz.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?