Депутатқа тиесілі мекемеден «жезөкшелер ұясы» анықталды

Фотография - Депутатқа тиесілі мекемеден «жезөкшелер ұясы» анықталды

Қырғызстандық милиция қызметкерлері Бішкектегі Жогоргу кенеш депутатына тиесілі «Prado» спорттық-ойын-сауық кешенінен сексуалдық қызмет көрсететін притон анықтады.

797 0

Қырғызстандық милиция қызметкерлері Бішкектегі Жогоргу кенеш депутатына тиесілі «Prado» спорттық-ойын-сауық кешенінен сексуалдық қызмет көрсететін притон анықтады. 

 Қырғыз Республикасы ІІМ қоғамдық тәртіп бөлімінің қызметкерлері «Шығыс-5» шағын ауданында орналасқан спорттық-ойын-сауық кешені іргесінен салынған саунаға тексеру жүргізеді.

Рейд барысында саунада сексуалдық қызметтер көрсетілгені анықталады. Тексеру кезінде жезөкшелікпен айналысқан сегіз қыз табылды.

Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мекеме қызметкерлері ұсталды.

«Prado» спорттық-ойын-сауық кешенін 2007 жылы Жогоргу кенеш депутаты Тұрсынтай Салимов салдырған.  

 

 

BNews.kz сайтынан
 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?