329

Оралдан 30 шақырымда газ құбыры өртеніп жатыр

Батыс Қазақстан облысының Зеленовский ауданының Новенький және Ақжол кенттерінің арасындағы газ құбырының өрті түнде үштер шамасында шыққан.
Фотография - Оралдан 30 шақырымда газ құбыры өртеніп жатыр

Оралдан 30 шақырымда газ құбыры өртеніп жатыр, деп хабарлайды өңірлік «Мой город» порталы. 

 
БАҚ мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының Зеленовский ауданының  Новенький және Ақжол кенттерінің арасындағы газ құбырының өрті түнде үштер шамасында шыққан.Б


 

Басылым куәгерлерге сілтеме жасап хабарлағандай, алдымен жарылысқа ұқсайтын тарс еткен дыбыс естілген. Содан соң биіктігі бірнеше метр үлкен жалын көрінген.Жалынның күштілігі сондай оны қаладан байқауға болатын еді.

 

«Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері, бірнеше өрт машинасы жедел түрде жетті. Өртті сөндіру техникасы әлі келіп жатыр. Алайда өрт орнына әлі күнге дейін жету мүкін болмай тұр ( 6.00-дегі ақпарат), өйткені құбыр жазық даладан өтеді және оған баоратын жол жоқ. Қазіргі уақытта  онда жолды тазалау үшін автогрейдер келді», - деп жазады портал.

Загрузка...