Астанада жаңа туған сәбиін автокөлікке айырбастамақ болған Өзбекстаннан келген жас жұбайлар ұсталды

Фотография - Астанада жаңа туған сәбиін автокөлікке айырбастамақ болған Өзбекстаннан келген жас жұбайлар ұсталды

Елордалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері жаңа туған сәбиін автокөлікке айырбастамақ болған жас жұбайлар ұсталды, деп хабарлайды елордалық ІІД.

563 0

Елордалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері жаңа туған сәбиін автокөлікке айырбастамақ болған жас жұбайлар ұсталды, деп хабарлайды елордалық ІІД.

 

Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлеріне жаңа туған нәрестені «Тойота Камри» маркалы автокөлікке айырбастамақ болған ерлі-зайыптылар туралы ақпарат келіп түсті.

 

«Жедел іздестіру шараларын өткізу барысында күдіктілердің кім екені анықталды – енді ғана отау құрған 25 жастағы келіншек пен 29 жастағы ер адам Өзбекстан Республикасының тумасы екен. 27 қаңтарда босанған әйел салмағы 3,8 келі, дені сау ұлын темір тұлпарға айырбастамақ болған», - делінген хабарламада.

 

29 қаңтар күні ерлі-зайыптылар сәбиді көлікке айырбастап жатқан жерінен ұсталды.

 

"Қазір нәресте ауруханада жатыр. Ал оның ата-анасы уақытша қамау абақтысында.Белгілі болғандай, сәбидің анасы жұмыссыз екен, ал жұбайы қалалық кәсіпорындардың бірінде еңбек етеді",-деп атап көрсетеді ведомство.

 

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.Тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

newskaz.kz


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?