Астанада жолаушылар автобусындағы кондуктор әйелді соққыға жыққандар ұсталды

Фотография - Астанада жолаушылар автобусындағы кондуктор әйелді соққыға жыққандар ұсталды

Елордалық полицейлер жолаушылар автобусының ішіндегі кондукторды ұрып-соққан екі ер адамды ұстады.

525 0

Елордалық полицейлер жолаушылар автобусының ішіндегі кондукторды ұрып-соққан екі ер адамды ұстады. 

«Автобусқа алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде отырған олар кондукторды балағаттап, одан кейін оны соққыға жыққан. Бұзақыларды жол-патрульдік полиция қызметкерлері ұстады. Жүргізілген шаралар барысында ұсталған 30 және 32 жастағы ер адамдардың Ақмола облысының тумалары болып шыққаны, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды», - деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 

Қазіргі кезде олар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?