442

Қарағандыда ер адамды күштеп көлікке отрғызып әкетіп қалған, күдіктілер ұсталды

Қарағандыда бір топ ер кісі өтіп бара жатқан адамды күштеп көлікке отрғызып әкетіп қалған, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі
Фотография - Қарағандыда ер адамды күштеп көлікке отрғызып әкетіп қалған, күдіктілер ұсталды

Қарағандыда бір топ ер кісі өтіп бара жатқан адамды күштеп көлікке отрғызып әкетіп қалған, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

 

"1 ақпан күні күндіз жедел басқару орталығына оқиға куәгеглері телефон соғып, бір топ ер кісі өтіп бара жатқан адамды күштеп  «Тойота Камри» көлігіне отрғызып әкетіп қалғандығын хабарлаған.  Қалада «Тосқауыл»  жоспарры енгізілген", - делінген хабарламада.

 

 

Бейна бақылау кмараларының көмегімен көліктің қозғалысы анықталып, көлік «Қарағанды-Балқаш» тас жолында  ұсталды.

 

«Салонда  Алматы облысының екі тұрғыны мен Шымкент қаласының бір тұрғыны болған. Жол бойындағы қонақ үйлердің бірінде  олардың 25 29 жас аралығындағы екі сыбайласы ұсталды",  - деп қосты ведомствода.

 

Зардап шегуші, қаланың 29 жасар тұрғынына медициналық көмек көрсетілді.

 

«Ұсталған үш адам уақытша ұстау абақтысына жабылып,  екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтарпау шарасы қабылданды.

Загрузка...