402

ОҚО-да адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысында адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Фотография - ОҚО-да адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысында адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

«2015 жылдың 4 ақпанына қараған түні Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданының Бостандық кентіне жақын жерде, көршілес Ынтымақ ауылының тұрғыны, 1985 жылғы Б.Д.Артықовтың пышақталған мүрдесі табылды.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде аталған қылмысты жасауда күдікті танылған Сарыағаш ауданындағы Бостандық кентінің тұрғыны, 1976 жылғы Н.К.Нарметов қазіргі кезде ізделуде.

Қолда бар мәліметтер бойынша, қылмыс тұрмыстық сипатта жасалған. Оған Н.Нарметовтың Б.Артықовтың иелігіндегі жылыжайды жалға алумен байланысты өзара түсініспеушіліктер себеп болған.

5 ақпан күні кешке Б.Артықовтың ауылдастары - бір топ жастар Н.Нарметов тұратын жерде жаппай бассыздық орнатып, соның салдарынан бірнеше көлік өртеніп, аударылған. Жақын тұрған үйлерге де зиян келтірілді.

Бұзақылық әрекеттерді оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері тоқтатты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына құқық тәртібінің қосымша күштері жіберілді. Қазіргі кезде жағдай тұрақталды.

Б.Артықовтың өлімі және одан кейін орын алған құқыққа қарсы әрекеттердің тергелуі ерекше бақылауға алынды. 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...