667

Алматыда «Нива» қоқыс тазалайтын техникаға соғысты (ФОТО)

Алматыда «Нива» автокөлігі бар жылдамдығымен қоқыс тазалайтын техникаға соғысты, деп хабарлайды Today.kz. тілшісі.
Фотография - Алматыда «Нива» қоқыс тазалайтын техникаға соғысты (ФОТО)

Алматыда «Нива» автокөлігі бар жылдамдығымен қоқыс тазалайтын техникаға соғысты, деп хабарлайды Today.kz. тілшісі.

Автокөлік жүргізушісі Рысқұлов көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, «Нива» бар жылдамдығымен келіп, қоқыс тазалайтын техникаға соғысқан. Жол көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқыс оқиғаның анық-қанығынын құқық қорғау мекемелері анықтауда.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Алматы қаласының Бостандық ауданында қоқыс тазалайтын техника өртеніп кеткен болатын. Оқиға Әл Фараби көшесімен Марков көшелерінің қиылыстарында болған. Қоқыс тазалайтын көлік Әл Фараби көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатып, соңынан өртке оранған. Өрт сөндіру қызметкерлерінің келуімен, техника толықтай сөндірілген. Жол көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Загрузка...