Алматыда, қаланың жоғарғы жағында, мас күйінде көлік жүргізген жүргізушінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.
Тимирязев көшесімен шығыс бағытта қозғалып бара жатқан "Мерседес" автокөлігі Шашкин көшесімен қиылысатын жерде көлікті игере алмай қалып, жол жиегіндегі бордюрге шығып кеткен. Жолы болған жүргізуші үлкен талға емес, жанындағы кішірек талға соғысып жаны аман қалған. Сосын белгілі болғандай жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізген. Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер жүргізуші мен көлікте отырған жолаушыға алғашқы көмек көрсетіп, дене мүшелері зақымданудан дін аман екендігін айтқан.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить