632

Қарағандыда педофилияға күдікті ер адам ұсталды

18-ші сәуір күні Қарағанды облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасы мен қалалық аумақтық ішкі істер органы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты күш қолдануынсыз азғындық әрекеттер жасау фактісіне қатысты күдікті анықталып, ұсталды.
Фотография - Қарағандыда педофилияға күдікті ер адам ұсталды

18-ші сәуір күні Қарағанды облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасы мен қалалық аумақтық ішкі істер органы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты күш қолдануынсыз азғындық әрекеттер жасау фактісіне қатысты күдікті анықталып, ұсталды.

Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағандының Михайлов ауданынан 32 жастағы ешқайда жұмыс істемейтін қала тұрғыны ұсталып, қала аумағында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты азғындық әрекеттер жасағанын мойындады.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

 

ҚазАқпарат