827

Ақтаулық полицейлер шетелдікті зорлады деп айыпталуда

Ақтаулық екі полицей Өзбекстан азаматын зорлады деген айыппен тергеліп жатыр. Бұл туралы "Лада" газеті хабарлайды.
Фотография - Ақтаулық полицейлер шетелдікті зорлады деп айыпталуда

Ақтаулық екі полицей Өзбекстан азаматын зорлады деген айыппен тергеліп жатыр. Бұл туралы "Лада" газеті хабарлайды. 

Қылмыс қаңтар айында жасалған. Бірақ бұл туралы тек бүгін белгілі болып отыр. Әкімшілік қамауға алынған азаматтарды ұстау орталығында істейтін екі полиция қызметкері өз лауазымдарын асыра пайдалана отырып, уақытша қамауда отырған өзбекстандық әйелді зорлаған.

Болған жайтты Маңғыстау облыстық соты апелляциялық коллегиясының төрағасы Рахметулла Хайруллин мәлімдеді. Оның айтуынша, орталықтың басшысы бұл қылмыс жайында білген, алайда, оған көз жұма қараған. Енді оның үстінен де тергеу амалдары жүргізіледі.

Хайруллин атап өткендей, қылмыстық іс Маңғыстау облыстық сотының қарауына жіберілген. Күдіктілердің бірі қамауда, екіншісінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.