808

Қостанайда өз анасын өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды

Қостанайда полиция Әл-Фараби көшесінен табылған мәйітке қатысты қылмыстық іс қозғады
Фотография - Қостанайда өз анасын өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды

Қостанайда полиция Әл-Фараби көшесінен табылған мәйітке қатысты қылмыстық іс қозғады

«10 маусым күні Әл-Фараби даңғылында орналасқан үйдің ауласынан 1944 жылы туған Қостанай тұрғынының мәйіті табылды. Марқұмның денесінен буындырып өлтіру белгілері анықталды», - деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Сот-медициналық сараптама әйелді әлдекім әдейі тұншықтырып өлтіргенін растады. Іздеу шаралары барысында қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің 1979 жылы туған қызы ұсталды.

Күдікті тұтқындалды. Алдын ала тергеу жүргізілуде.

 

 

BNews.kz. сайтынан

 

 

Загрузка...