655

Алматыда құрылысы бітпеген ғимаратта өрт шықты

Алматыда Шевченко көшесінің бойындағы құрылысы бітпеген ғимараттан өрт шықты. Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған.
Фотография - Алматыда құрылысы бітпеген ғимаратта өрт шықты

 Алматыда Шевченко көшесінің бойындағы құрылысы бітпеген ғимараттан өрт шықты. Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Өрт туралы хабарлама түскі 12:20-да келіп түсті. Шевченко 127 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта өрт шықты. Тілсіз жау ғимараттың төбесіндегі минватаның тұтануынан басталған. Өртті сөндіруге қалалық өртке қарсы қызметтің 6 техникасы мен 23 адам қатысты», - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Айнұр Дүйсен. 

Төтенше жағдай салдарынан жапа шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Загрузка...