811

Павлодар облысында 10 жастағы бала педофилдің құрбанына айналды

Павлодар облысында кезекті жантүршігерлік жағдай орын алды. 10 жастағы балаға педофил сексуалдық зорлық көрсеткен
Фотография - Павлодар облысында 10 жастағы бала педофилдің құрбанына айналды

Павлодар облысында кезекті жантүршігерлік жағдай орын алды. 10 жастағы балаға педофил сексуалдық зорлық көрсеткен, деп хабарлайды 24.kz.

Ақсу қаласының 10 жастағы тұрғыны педофилден жәбір көргені белгілі болды.

Полицейлер күдікті ер кісіні құрықтаған. Азамат Ақсу қаласының тұрғыны болып шықты. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз мәліметтеріне сәйкес, бала кешкі уақытта қаланың 8 ықшамауданындағы “Уют” дүкенінің маңында жоғалып кеткен.

Факті бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, зардап шеккен балаға психологтар көмек көрсетуде.

Загрузка...