Мәскеуде таныстарын 6-шы қабаттан құлатып өлтірген екі қыз ұсталды

Фотография - Мәскеуде таныстарын 6-шы қабаттан құлатып өлтірген екі қыз ұсталды

Мәскеу қаласында құрбыларын 6-шы қабаттан құлатып жіберді деген күдікпен екі қыз тұтқындалды.

148 0

Мәскеу қаласында құрбыларын 6-шы қабаттан құлатып жіберді деген күдікпен екі қыз тұтқындалды, деп хабарлады "РИА Новости" агенттігі. 

Еске сала кетейік, Мәскеуде кеше қыздар құрбыларын 6-шы қабаттан лақтырып жібергені туралы ақпарат тараған. Қалалық ауруханалардың біріне бірнеше жерден сүйегі сынып, ауыр халде қыз жеткізілген. Тергеушілердің айтуы бойынша, ол құрбыларымен бірігіп арақ ішкен. Осыдан кейін араларында ұрыс туып, Славян бульварі көшесіндегі үйдің алтыншы қабатынан оны лақтырып жіберген. Кінәлі қыздар басында суицид жасады деп айтқан. 

"Сот оқиғаға кінәлі Любовь Мельникова мен Валентина Горшкованы 16 қырүйекке дейін қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын тағайындады", деді Мәскеудің Дорогомилов сотының баспасөз қызметінен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!