Астана тұрғыны интернет-алаяқтарға 155 мың доллар аударып жіберген

Фотография - Астана тұрғыны интернет-алаяқтарға 155 мың доллар аударып жіберген

Астана қаласы Ішкі істер департаменті халықты интернет-алаяқтық фактісі жөнінде ақпараттандырады.

101 0

Астана қаласы Ішкі істер департаменті халықты интернет-алаяқтық фактісі жөнінде ақпараттандырады.

Астана қаласы «Алматы» аудандық ІІБ Ш. есімді азаматшаның арызы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Азаматша шетелдік банктің бірінен 4 000 000 еуро сомасында минималды 2%-бен несие алу мақсатында жалған комиссия мен салықтарды төлеу үшін аталмыш банктің қызметкерлері болып таныстырған азаматтарға 154 623 АҚШ долларын аударған.

Осыған ұқсас оқиға  интернет сайттары арқылы Англиядан 3 бесік-арба (коляска) мен 3 шезлонгқа 2 420 АҚШ доллары ортақ сомада тапсырыс жасап, содан кейін тапсырысты жеткізушілердің  түрлі сылтауымен 16 813 АҚШ долларын төлеген Е. есімді зардап шегушінің басынан өткен.

Жәбірленушілерді сендіру үшін алаяқтар жалған төлқұжаттардың көшірмелерін, жалған чектер, баж төлемі  туралы кедендік рұқсатнамалардың жалған түрлерін салып жіберіп отырған.

Астана қаласы ІІД ескертеді: тексерілген интернет-сайттармен жұмыс жасап, тауарды алғаннан соң түгел төлем жасамау қажет.

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!