ОҚО-да 50 мың теңге үшін кісі өлтірген күдікті ұсталды

Фотография - ОҚО-да 50 мың теңге үшін кісі өлтірген күдікті ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қарт мұғалімнің үйіне шабуыл жасап, ұлын өлтірген күдіктілердің бірі Алматыдан ұсталды

276 0

Оңтүстік Қазақстан облысында қарт мұғалімнің үйіне шабуыл жасап, ұлын өлтірген күдіктілердің бірі Алматыдан ұсталды. Ол - 32 жастағы осы ауылдың тұрғыны деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қанды оқиға Мақтарал ауданындағы Жүзімдік ауылында орын алған болатын. Жексенбіге қараған түні жергілікті мектептің мұғалімі, 85 жастағы зейнеткердің үйіне белгісіз біреу шабыл жасаған.

Қарақшы ақша мен қымбат бұйымдар талап етіпті. Айқай-шуды естіген қарияның 52 жастағы ұлы сыртқа шыққанда күдікті оны ұрып-соғып, буындырып өлтірген. Бұдан кейін ол зейнеткерден 50 мың теңгесін алып, оқиға орнынан бой тасалапты.

Ал, бұған дейін хабарланғандай, мұғалімнің мүгедек-қызының зорлануы туралы ақпарат расталған жоқ. Аудан прокуроры Нұржан Боранбаев та 48 жастағы мүмкіндігі шектеулі азаматшаға медициналық сараптама жасалып, оған қатысты жыныстық қорлық жасалмағанын айтты.

Тергеушілердің мәліметінше, ұсталған жігіт бұған дейін өзгенің үйіне баса-көктеп кіргені үшін сотты болған. Қазір кісі өлтіру әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

 

Otyrar.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!