Астанада жолаушылар шағын автобусы өртенді (ВИДЕО)

Фотография - Астанада жолаушылар шағын автобусы өртенді (ВИДЕО)

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде №109 автобус өртеніп жатты. Жолаушылар өрт сөндірушілер келгенше автобустан шығып үлгерген".

395 0

Бүгін, 23 шілдеде таңғы сағат 09.28 кезінде Астана қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне Пушкин көшесі, 9 мекенжайы бойынша шағын автобустың өртке оранғаны жайлы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды елордалық ТЖД-інің баспасөз қызметінен.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде №109 автобус өртеніп жатты. Жолаушылар өрт сөндірушілер келгенше автобустан шығып үлгерген", делінген хабарламада.

Алғашқы өрт бөлімшесі оқиға орнына 4 минуттан кейін келді. Қазір олар сол жерде жұмыстар жүргізуде.

Жалынды ауыздықтауға 2 техника, жеке құрамнан 9 адам жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!