Алматыда сел "Баянауыл" базарының аймағына келіп тоқтады

Фотография - Алматыда сел "Баянауыл" базарының аймағына келіп тоқтады

Алматыда сел "Баянауыл" базарының аймағына келіп тоқтады деп мәлімдеді куәгерлер.

421 0

"Баянауыл" базарының ауданында сел тасқыны тоқтады", – деп хабарлады куәгерлер.

Алматы ТЖД-дан мәлімдегендей, аталған автожол учаскесінде жағдай толығымен тұрақтанғанға дейін қозғалыс жабылды.

Әкімнің кеңесшісі Сергей Куянов Райымбек даңғылындағы су тасқынына байланысты түсініктеме берді.

"Көтерілген су бір жаққа кетуі тиіс. Жаңадан су толу жағдайы тіркелмеді", – деді ол.

Сол арада әлеуметтік желіде Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзені бөгетінің фотолары жүктелуде.

4957ae8fa24e76c24aff0d4649a1ef6a
Фотодан бөгет қирады деген ақпар жалған екенін байқауға болады.

Facebook пайдаланушысы Маргарита Плотникова бөгеттің фотосын жүктеп, оның шамамен сағат таңғы алтыда түсірілгенін мәлімдеді.

"Жеке барып тексеріп қайттық: Чапаево өзенінің бөгеті қирамаған (желіде жалған ақпар тараған). Қазір таңғы сағат 6:11. Судың деңгейі жоғары болды. Мұны бөгет дауалындағы су іздері байқатады. Су кейін қайтты. Ал Ақсай өзені маңындағы аймақ зардап шекпеген. Жеке пікірім: 1. Үрей тудыру – қасіреттің басты көзі. 2. Жедел ақпар алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік құралдар барына разымын. Ең бастысы үрей тумас үшін ақпарды тексеріп отыру. 3. Арнайы қызмет жедел әрекет етеді (менің байқауым бойынша). Вертолеттер ұшып, жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр", – дейді Плотникова жазбасында.

Еске салсақ, полицейлер желіде "екінші рет сел болады, бөгет жарлыды" деген жалған ақпар таратқандарды іздестіріп, жазаға тартатынын мәлімдеген болатын.

 BNews.kz


Тегтер:

Алматы сел

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!