Қарағандыда қабірді бұзған азамат ұсталды

Фотография - Қарағандыда қабірді бұзған азамат ұсталды

Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД Баспасөз қызметі хабарлады.

206 0

Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасымен Ескіқалалық полиция бөлімінің қызметкерлері екі жарым сағаттың шамасында қабірді бүлдірген азаматты құрықтады. Қазіргі уақытта 20-жастағы ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД Баспасөз қызметі хабарлады.

22 шілде күні Теміртау қалалық Ішкі істер басқармасы Ескіқалалық полиция бөліміне 42 жастағы азаматшадан арыз түскен. Өз арызында азаматша әпкесінің қайтыс болғанына тоғыз күн өткеніне байланысты зират басына барғанда, әпкесінің қабірі ашық, мәйіті болмағанын полиция қызметкерлеріне хабарлаған.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері аталған ақпараттың негізінде жедел алдын алу іс-шараларын өткізіп, зират басында жұмыс істейтіндердің барлығынан жауап алды.

Шамамен екі жарым сағат өткеннен кейін, аталған іске қатысы бар деген күдікпен 20-жастағы тұрақты мекен жайы жоқ азамат ұсталды. Ұсталған азамат зират басында жұмыс істейтіндермен келіспей қалғандықтан, олардан кек алу мақсатында осындай іске барғандығы туралы мойындап көрсетпе белгілерін берді.

Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша ҚР Конституциясының 314 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!