Алматыда болған селдің әсерінен төрт адам ауруханаға жатқызылды

Фотография - Алматыда болған селдің әсерінен төрт адам ауруханаға жатқызылды

№ 7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Болатбек Баймахановтың айтуынша, қазіргі уақытта ауруханаға төрт адам жатқызылды7

209 0

№ 7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Болатбек Баймахановтың айтуынша, қазіргі уақытта ауруханаға төрт адам жатқызылды, деп хабарлайды Today.kz.

Болатбек Баймаханов ауруханаға 12 адам жеткізілгенін айтты. Оның айтуынша, сел жүрген аймақта 20 жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасаған.

"Ауруханаға 12 адам жеткізілді, алайда барлығын қарап, қажетті емдеу жұмыстары көрсетілгеннен кейін ауруханада төрт адам жатқызылды. Олардың ішінде 86 және 96 жастағы егде тартқан екі әжей бар. Қатты күйзелістің салдарынан ол кісілердің қан қысымы көтерілген. Бірақ та 96 жастағы әжейдің туыстары науқасты ауруханадан шығарып алған. Қазіргі кезде төрт науқасқа арнайы ем-дом жасалуда: бір науқастығ сол аяғындағы сирағы екі жерден сынған, екінші бір науқастың оң аяғындағы сирағы жараланған және де таңы бір науқастың дене қызуы төмендеген", - деп хабарлады бас дәрігер.

Болатбек Баймаханов айтуынша науқастардың жағдайы тұрақты. Барлығыда аурухана бөлімшелеріне жатқызылды, реанимациялық іс-шараларды қажет етпейді.

Паникалық жағдайд 26 жастағы ер адамды машина қағып, аяғын екі жерден сындырған, науқасқа ертең ота жасалады.

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде, шамамен түнгі екілерде Наурызбай ауданында екі сағатқа созылған сел жүрді.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында сел тасқынының орын алуына Қарғалы өзеніндегі бөгеттің жоғары жағында, яғни тау ішінде мореналық көлшіктің суының көтерілуі себеп болған.

Қарғалы өзені бөгеті маңынан 898 жергілікті тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Орын алған жағдайды жіті бақылау үшін әуеден бақылау жалғасуда. Қалпына келтіру, тазарту жұмыстары да жүзеге асып жатыр.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!