ОҚО-да 500-ге тарта ұсақ мал белгісіз аурудан қырылып қалды

Фотография - ОҚО-да 500-ге тарта ұсақ мал белгісіз аурудан қырылып қалды

ОҚО Кентау қаласынан 40 шақырым жердегі Ащысай ауылының тұрғындары дабыл қағып отыр

315 0

ОҚО Кентау қаласынан 40 шақырым жердегі Ащысай ауылының тұрғындары дабыл қағып отыр. Мұнда төрт түлік мал қырылуда. Себебі белгісіз. Тиісті мамандар малға аусыл тигенін жасыруы мүмкін дейді халық.

Соңғы 10 күннің ішінде мұнда белгісіз себептен 500-ге жуық бас мал қырылған. Жануарлар жерге жатып, содан әрі қарай тұрмаған күйі өліпті.

— Әр үйдің ауласында күн сайын мал өліп жатыр. Түсініксіз, - дейді Ащысай тұрғыны Вадим Берестев. - Дер кезінде екпе салдырғанбыз. Өзіміздің малымыз болғандықтан еш нәрсені үнемдемей, жақсы бағамыз. Біздің күнкөрісіміз де осы мал.

Тұрғындар мал дәрігерлеріне бірнеше рет шағымданғандарын айтады. Дегенмен, тұщымды жауап ала алмапты. Бір апта бұрын мал дәрігерлері өлген малдың ішкі ағзаларынан сынама алған. Одан әлі нәтиже жоқ. Ал антибиотик салу жөніндегі тұрғындардың өтінішіне мал дәрігерлері мұндай күтпеген жағдайға бөлінген қаржы жоқ деп, мал иелерінің өздерінен ақша сұрап отыр.

— Бізде беккари шұңқыры жоқ, - дейді шаруа Адам Мулидов, - Арам қатқан малды өзіміз көміп жатырмыз. Ал, үлкен шұңқыр қазуға мал одан әрі қырылып қалады деген ырымнан қорқамыз. Жай ғана көме салған жерді залалсыздандыру керек емес пе?

Бұл мәселеге қатысты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары былай деп жауап қатты.

— Бізге күн сайын облыстың түрлі аудандарынан малдың өлгені жайлы бірнеше хабар келіп жатады. Бірақ, сол жерге мамандар барса, ол мәліметтер расталмай шығады. Кей жағдайда мал ыстықтан өледі. Бұл уақытша құбылыс, мал иелерінің сабыр сақтағаны дұрыс. Ал, жаңағы малдың ішінен алынған сынамадан ешқандай қауіпті инфекция табылған жоқ. Ешқандай мал індеті жоқ деп ресми түрде жауап бере аламын, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы қуаныш Мырзатаев. 

Басқарма мамандары Ащысайдағы жағдаймен мұқият айналысамыз деп сендірді.

 

 

Отырар-тв



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!