Алматыда 12 нәресте дәрігерлердің салғырттығынан қаза тапты

Фотография - Алматыда 12 нәресте дәрігерлердің салғырттығынан қаза тапты

Алматыда 12 нәресте дәрігерлердің салғырттығынан қаза тапты, деп хабарлады ОКҚ филиалының брифингінде қала прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты бақылау бойынша басқарма басшысының орынбасары Дінмұхамед Серікбаев.

211 0

Алматыда 12 нәресте дәрігерлердің салғырттығынан қаза тапты, деп хабарлады ОКҚ филиалының брифингінде қала прокуратурасының әлеуметтік экономикалық саладағы заңдылықты бақылау бойынша басқарма басшысының орынбасары Дінмұхамед Серікбаев.

"Тексеріс нәтижесінде сапасыз медициналық көмек көрсетілген кездер болғаны анықталды. Осылайша дәрігерлер дер кезінде әрекет еткен жағдайда аман алып қалуға болатын, дәрігерлердің салғырт қарауынан 12 сәби көз жұмғаны анықталды. Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғалары кінәлі тұлғаларға қатысты шараларды  қолданбаумен бірге, өздерінің кінәлі қызметкерлерінің қылмысы мен салғырттығын жасыруға тырысты", - деді Серікбаев.

Оның сөзіне қарағанда, оқиға балалар кардиохирургиясының перинатология орталығында орын алған. Мұнда үш күннен кейін жаңа туған сәби ажал құшты. Оның медициналық картасында өліміне себеп болып клиникалық диагноз ретінде жатыр ішіндегі пневмония деп көрсетілген. "Сот сараптамасы кезінде тексеру уақытында жатыр ішіндегі пневмония анықталмады. Нәрестенің көз жұмуына алынған бас сүйек жарақаты себеп болған екен. Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша медициналық бақылау және фармацевтикалық қызмет комитеті жүргізген сараптама нәтижесіне сәйкес, бала өлімінің алдын алу мүмкіндігі болды", - деді Д.Серікбаев.

Прокуратура өкілі бұл фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.  

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!